8 (7172) 64 24 25
тек мәтін үшін, қоңыраусыз
рус / қаз

Сертификатты алу үшін электронды кезекке тұру

Сертификат алу үшін алдын ала кезекке тұрыңыз.

Кезекке тұру

Бағдарламаның сипаттамасы

Жаңа көлік сатып алуға жеңілдік берілетін сертификат Бағдарламасы ҚР энергетика Министрлігінің тапсырмасымен жасалды. Бағдарламаны, «ӨКМ Операторы» ЖШС ҚР инвестиция және даму Министрлігі мен отандық автоөндірушілермен бірлесе құрастырылды.

Жаңа бағдарлама талабы бойынша жоюға ескі М1 санатындағы жеңіл автокөліктен бастап, М2, М3, N2, N3 санатындағы жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері қабылданады. Жоюға тапсырылатын көлік құралдарының шығарылған жылына, модельіне қатысты ешқандай шектеу жоқ.

Бағдарлама талабы бойынша ескі техниканы өткізушіге сертификат беріледі. Қазақстанда өндірілген жаңа көлікті сатып алғанда сертификатты жеңілдік ретінде пайдаланылады.

Жеңілдік сертификатының құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында

Сертификат бағдарламасы көлік санатына қатысты ешқандай шектеу қоймайды. Жеңілдік сертификатымен отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын алуға болады.

Сонымен қатар Бағдарлама асында бір автокөлік сатып алғанда екі сертификатты біріктіріп пайдалануға болады. Және де сертификатты өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі тіркелген күннен бастап 12 ай.

Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы отандық парктің жаңаруына, Қазақстандық автоөндірісті ынталандыруға және утилизация саласының инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Кез келген автокөлікті жоюға тапсырып, оның орынына жеңілдік сертификатын алу

Қазақстанда өндірілген экологиялық жаңа автокөлікті сатып алғанда жеңілдік сертификатын пайдалануға болады.

Екі сертификатты біріктіруге болады

Сертификатты өзге тұлғаның атына қайта тіркей аласыз

Регламенттейтін құжаттар


Қалай тапсыру керек?

Ескі көлікті сертификатқа алмастырудың қарапайым үш қадамы.

Жиынтығын бағалаңыз

«Сертификат құнын» бөлімінде көлігіңізді алдын ала бағалап алыңыз

Құжаттарды дайындаңыз

Тізімде көрсетілген қажетті құжаттарды (жеке және заңды тұлғалар) жинаңыз

Көлігіңізді тапсырыңыз

ӨКМ Операторы мен дилерлік Орталыққа көлігіңізді өзіңіз жеткізесіз

СЕРТИФИКАТ ҚҰНЫ

Выберите город

Город
Нур-Султан
Алматы
Усть-Каменогорск
Павлодар
Актау
Актобе
Кокшетау
Костанай
Кызылорда
Семей
Уральск
Шымкент
Караганда
Тараз
Атырау
Петропавловск
Талдыкорган

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Азия Авто Сарыарка Автопром Hyundai Trans Auto СемАз ДэуБас Камазинжиниринг