Тозығы жеткен көлікті өткізіп ақша алудың қарапайым төрт қадамы.
Квотана анықтау
Өз аймағыңызда квотаның бар екендігін біздің сайттан немесе 8 800 080 08 65 телефоны бойынша тексеріп алу.
Жиынтық санын бағалаңыз
Жиынтық бөлімінде меншігіңіздегі көлік құралына алдын ала бағалау жүргізіңіз.
Құжаттар әзірлеңіз
Тізімде көрсетілген қажетті құжаттарды жинау (заңды және жеке тұлғаларға).
Тозығы жеткен көлікті тапсырыңыз
Тозығы жеткен көлік құралын аймағыңыздағы қабылдау бекетіне жеткізуді өзіңіз жүзеге асырасыз
Қала
Нұр-Сұлтан қ.
Алматы қ.
Өскемен қ.
Павлодар қ.
Ақтау қ.
Ақтөбе қ.
Көкшетау қ.
Қостанай қ.
Қызылорда қ.
Семей қ.
Орал қ.
Шымкент қ.
Қарағанды қ.
Тараз қ.
Атырау қ.
Петропавл қ.
Талдықорған қ.
Қордай
Осы санатқа жататын тозығы жеткен көлікте болуы керек бөлшектер:
Шанақ (шасси)
Қақпақ
Қозғалтқыш
Дөңгелекті қоршаған жабын (қанатша, штатты саны)
Есіктердің штатты саны
Дөңгелектердің штатты саны
Редутормен бірге толық жиынтықтағы белдемелер (өндірушіде қарастырылған болса)
Кардан (штатты саны)
Радиатор
Жүксалғыш қақпағы
Беріліс қорабы
Аккумулятор
Газды сыртқа шығаратын жүйе детальдары, сондай-ақ катализдік бейтараптандырғыштар
Қозғалтқыш аспалы құрылғысымен
Таратқыш қорабы (өндірушіде қарастырылған болса)
*Барлық бөлшектер штаттық орындарда болуы қажет
Осы санатқа жататын тозығы жеткен көлікте болуы керек бөлшектер:
ӨКМ Операторы Автоматтандырылған ақпараттық жүйені таныстырды
Видео
ӨКМ Операторы Автоматтандырылған ақпараттық жүйені таныстырды
2016 жылдың 17 қараша күні тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру Бағдарламасын жүзеге асыру үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) жұмысы таныстырылды. auto.recycle.kz жүйесі арқылы тозған көліктер туралы ақпарат жинақтауға мүмкіндік береді. Қабылдау бекеттері мен ӨКМ Операторының бас кеңесі арасындағы электронды құжат айналымынан бастап, сараптамалық ақпарт, қабылданған көлік санына қатысты жалпы мәліметтер беріледі.
Тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуге ниет білдіргендер үшін анықтамалық сипаттағы бөлім жасалды: тозған көлікті жоюға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі; қабылданатын көлік құралдарының жиынтығына қойлатын талап.
Сонымен қатар auto.recycle.kz сайтында әр аймаққа бөлінген квота саны жөнінде мәлімет көрсетіледі. Тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру Бағдарламасы бойынша жаңалықтар бөлімі жасалды. Және де қабылдау бекеті туралы ақпарт пен олардың байланыс нөмірлері көрсетіліп отыр.
Қазақстанда тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру бағдарламасы іске қосылды
2016 жылдың қараша айының 21-нен бастап еліміздің 17 қаласында тозығы жеткен ескі көліктерді қабылдау Бағдарламасы басталады. Бағдарлама ержесіне сәйкес М1 санаттағы (салмағы 3,5 тоннадан аспайтын жеті орынға дейінгі жеңіл автокөлік) көлік құралдары қабылданады. Ал тозығы жеткен техниканы жоюға өткізген көлік иесі ақшалай өтемақы алады.
Берілетін өтемақы көлемі көліктің жиынтығына қарай екі санат бойынша анықталады. Яғни толық жиынтықтағы көлік 150 мың теңге және толық емес жиынтықтағы көлік 48 мың теңге көлемінде бағаланады. Бағдарламаға қатысатын тозған көліктің жылына қатысты ешқандай да шектеу жоқ (апатты автокөліктер де жиынтық санаты бойынша Бағдарламаға қатыса алады).
Бағдарламаның толық қамтылуы мақсатында, жоюға өткізетін автокөлігіңізді қашықтықтан бағалайтын (auto.recycle.kz сайты арқылы) жүйе жұмыс істейді. Тозған көліктерді сатып алу жобасын жүзеге асыру үшін ҚР энергетика Министрлігі 10 мың квота бөліп отыр. Бағдарламаны Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі Операторы жүзеге асырады.
Бағдарламаның алғашқы қатысушылары анықталды
Ақтөбе тұрғыны Анатолий Прокудин тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру Бағдарламасының алғашқы қатысушысы атанды. 1993 жылы шыққан ВАЗ-21063 маркілі автокөлігін толық жиынтықта өткізіп, 150 мың теңгеге ие болды.
Алматы облысындағы қабылдау бекітіне аймақтағы тұрындардың арасынан бірінші болып Рустам Қараев ескі көлігін тапсырды. Рустам Бағдарламаға қатысу үшін ВАЗ (LADA) 2109 көлігінің құжатын алдын ала дайындап қойған. Толық жиынтық санатына сәйкес келген техника, 150 мың теңге бағаланды.
Астана қаласы бойынша Бағдарламаға бірінші болып, ВАЗ -2106 (1988 жылғы) көлігінің иесі Бақытжан Төрегелдина қатысты. 28 жыл бұрын сатып алынған көлік, енді қайта өңдеуге жіберіліп отыр. Техника толық жиынтық санатына сәйкес келгендіктен 150 мың теңге бағаланды.
Тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру Бағдарламасының алғашқы күнінде 5 автокөлік қабылданды.
ӨКМ Операторы тозығы жеткен көліктер қабылдаудың мобильді бекетін іске қосады
2016 жылдың 30 қарашасынан бастап ӨКМ Операторы ҚР энергетика Министрлігімен және жергілікті әкімдікпен бірлесіп, тозығы жеткен көліктер қабылдаудың моблильді бекетін іске қосады. Бағдарлама кең көлемді қамту мақсатында облыс орталығы мен аудандардан алшақ орнадасқан жерлерде (ӨКМ Операторының қабылдау бекеті жоқ жерлерде) жылжымалы бекеттер жұмыс істейтін болады.
Аталған акцияны жүргізу үшін ӨКМ Операторы халық саны 100 мың адамнан асатын 8 елді-мекен анықталып отыр. Олардың қатарында Алматы облысының Ұзынағаш аудандық орталығы, Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қаласы мен Жетісай аудан орталығы, Қарағанды облысында Балқаш және Жезқазған қаласы, Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха, Қостанай облысында Рудный және Павлодар облысынан Екібастұз қаласы бар.
Халықтың жалпы саны – 1 121 000 адам. Жергілікті атқарушы билік арқылы ӨКМ Операторы алдын ала бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілердің «пулын» жасақтайды. Жылжымалы қабылдау бекеттері тозығы жеткен көлік құралдарының құжаттарын бір орында қабылдайды. Сол жерде ӨКМ Операторы мамандары автокөлікті бағалап, келісім шарт жасайды.
Сонымен қатар алыс шалғайдағы ауылдық жерлерден жаппай өтініш қабылдау мәселесі де қаралып отыр. Яғни 100-ден астам ескі көлік жиналатын болса, мобильді топ көлікті жергілікті жерден қабылдайды.
Тозығы жеткен көліктерді сатып алу Бағдарламасы 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады
«ӨКМ Операторы» ЖШС тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру Бағдарламасын 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстанның 17 қаласында толығымен іске қосады. 2017 жылдың 4-15 қаңтар аралығында көне көліктерді бағалау және қабылдауды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Осы ретте ӨКМ Операторы ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитетімен бірлесіп, көлік құралдарын жою мақсатында есептен шығару жөніндегі жалпыға ортақ анықтама құжат бекітеді. Сондай-ақ халыққа ыңғайлы болу үшін ӨКМ Операторы ҚР энергетика Министрілгімен және Республикалық нотариалдық палатамен бірлесіп, көлік құралын жоюға өткізуге сенім білдіру жөніндегі ортақ үлгі енгізетін болады. Және де ӨКМ Операторы «Қазпошта» АҚ (жеке және заңды тұлғаларға есептік шот ашу үшін) келісімге қол жеткізді. 2017 жылдың 4 мен 15 қаңтар аралығында электронды кезек жүйесі енгізіліп, ескі көліктерді жинайтын мобильді бекет кестесі жасалады. Сондай-ақ тозған көліктерді қабылдау және бағалу жұмысы жетілдіріледі.
Айта кету керек, 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында еліміз бойынша 4774 ескі көлік қабылданды (21 қараша мен 27 желтоқсан аралығында).
Көрнерген көліктерді қабылдау бойынша Шымкент қаласы көш бастады. Бір айдан астам уақытта аталған қаладан - 661 автокөлік жиналды. 672 көлік өткізген Қостанай екінші орында. 412 машина тапсырған Ақтөбе қаласы үштікті түйіндеген.
Жою мақсатында қабылданған автокөліктердің орташа жасы 25-30 жыл аралығын қамтиды. Тозған көліктерді өткізуді ынталандыру Бағдарламасы іске қосылғалы бері қабылданған 4772 көлік бірінші санат (150 мың теңге) бойынша бағаланды. Тапсырылған көліктердің арасында тек 2 автокөлік екінші санатқа (48 мың теңге) жатқызылған.
ӨКМ Операторының баспасөз қызметі, 8 (712) 72 79 61
Қабылдау бекеттерінің мереке күндеріндегі жұмыс кестесі!
2016 жылдың 29 желтоқсан – жұмыс күні (9:00-18-00)
2016 жылдың 30 желтоқсан – жұмыс күні (9:00-18-00)
Тозған көліктерді сатып алу Бағдарламасы 2017 жылдың 16 қаңтарынан басталады.
Су жаңа автокөлік кімге бұйырады?!
Операторы ескі көлігін өткізіп, ақшалай өтемақы алған азаматтар арасында су жаңа автокөліктің кілтін ойнатады. Ұтыс, 2017 жылдың 6-ші қаңтарында сағат 16:00-де Астана қаласындағы Операторының қабылдау бекетінде ұйымдастырылады (101 көше, №55. Индустриалды парк аймағы).
Жеңімпаз, Оператор мен көлік иесі арасында жасалған келісім шарт нөмірі бойынша анықталады.
Ұтыс барысын www.auto.recycle.kz сайтынан онлайн режимінде қадағалап отыруға болады. Сондай-ақ «Авторадио» тікелей эфирінен ұтыс ойыны туралы ақпарат таратылады.
Утилизация Бағдарламасына қатысып, бағалы сыйлық иеленгендер анықталды
Бүгін 2017 жылдың 6 қаңтарында Астана қаласындағы көліктерді қабылдау бекетінде тозығы жеткен көлік құралдарын тапсыруды ынталандыру Бағдарламасына қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Ұтыстың бас жүлдесіне - JAC S3 автокөлігі тігілді. Жеңімпаздар, Оператор мен көлік иесі арасында жасалған келісім шарт нөмірі бойынша анықталды.
Бағдарламаға қатысқан 5 665 азамат арасында өткен бас жүлде - JAC S3 автокөлігі, Шымкент қаласының тұрғыны Ілиясов Әлімжан Молдабайұлына бұйырды (келісім шарт №2045).
ҚР энергетика Министрлігі, «ӨКМ Операторы» ЖШС, Allur auto Астана компаниясы ұйымдастарған шарада өзге де бағалы сыйлықтар ойнатылды. Бағдарламаға қатысушылар арасында ұтысқа ие болған Алматы, Қостанай, Талдықорған, Петропавл, Ақтөбе және Ақтау қалаларының тұрғындары да бар.
Бас жүлде - JAC S3 автокөлігі. Шымкент қаласының тұрғыны Ілиясов Әлімжан Молдабайұлы (келісім шарт №2045).
Ұтыс қорытындысы бойынша бағалы сыйлыққа ие болғандар тізімі:
Ескі автокөлікті жоюға өткізуге берілетін ақшалай өтемақыға квота алу (аймақтар төменде көрсетілген)
Аймақ
Ақшалай өтемақы алуға берілетін квота
2016 ж. қабылданған автокөлік саны
Ақшалай өтемақы алу үшін электронды кезекке тұру
Ақтау
360
162
198
Қабылдау 16.01.2017 г.
Ақтөбе
447
447
Квота игерілді
Қабылдау 30.01.2017 ж.
Алматы
1310
496
814
Қабылдау 16.01.2017 г.
Астана
650
148
502
Қабылдау 16.01.2017 г.
Атырау
320
136
184
Қабылдау 16.01.2017 г.
Қарағанды
830
299
531
Қабылдау 16.01.2017 г.
Көкшетау
540
267
273
Қабылдау 16.01.2017 г.
Қостанай
688
688
Квота игерілді
Қабылдау 30.01.2017 ж.
Қызылорда
250
112
138
Қабылдау 16.01.2017 г.
Павлодар
520
347
173
Қабылдау 16.01.2017 г.
Петропавл
390
291
99
Қабылдау 16.01.2017 г.
Семей
365
303
62
Қабылдау 16.01.2017 г.
Талдықорған
1042
370
672
Қабылдау 16.01.2017 г.
Тараз
450
426
24
Қабылдау 16.01.2017 г.
Орал
323
323
Квота игерілді
Қабылдау 30.01.2017 ж.
Өскемен
365
86
279
Қабылдау 16.01.2017 г.
Шымкент
1150
764
386
Қабылдау 16.01.2017 г.
Барлығы
10 000
5665
6 мыңға жуық қазақстандық ескі көлігін жоюға тапсырды
2016 жылдың 21 қарашасы мен 30 желтоқсан айы аралығында елімізде тозығы жеткен көлік құралдарын ынталандыру Бағдарламасының пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Осы аралықта ӨКМ Операторының қабылдау бекеттеріне 5665 автокөлік тапсырылды (М1 санаты).
Ескі көліктерді қабылдау бойынша Шымкент қаласы бірінші орында. Бір айдан астам уақыт ішінде 764 автокөлік тапсырылды. 688 көлік өткізген Қостанай екінші орында. Алматы қаласында 496 ескі көлік қабылданды.
Тозығы жеткен көлік құралдырын өткізуді ынталандыру Бағдарламасы бойынша қабылданған 5659 автокөлік бірінші санат бойынша (150 мың теңге) қабылданса, 6 машина 48 мың теңгеге бағаланды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысып, ескі көлігін тапсырғандарға (1 санат бойынша – 150 мың теңге) – 848 млн 850 мың теңге ақшалай өтемақы төленді (5659 көлік). Екінші санат бойынша (48 мың теңге) 288 мың теңге (6 көлікке) аударылды. Пилоттық жоба аясында ескі көліктерге берілген өтемақы сомасы 849 млн. 138 мың теңгені құрады.
Жоюға тапсырылған танымал көліктердің қатарын «ВАЗ - 2105», «ВАЗ - 2106», «ВАЗ 2101», «ГАЗ 3110», «Москвич - 2140» и «Мазда 626» сияқты техникалар құрайды. Бағдарлама бойынша тапсырылған ең ескі көлік құралы – 1948 жылы шығарылған «Москвич» автокөлігі болды. Оны Орал қаласының тұрғыны тапсырған. «Жылы жаңа» деген көліктердің соңын 2007 жылы шыққан техника түйіндеп отыр (7 көлік тапсырған). Жоюға қабылданған көлік құралдарының орташа жасы 25-30 жыл.
2016 жылы қабылданған ескі көліктер бойынша мәлімет
Аймақ
Квота
Қабылданды
Ақтау
360
162
Ақтөбе
447
447
Алматы
1310
496
Астана
650
148
Атырау
320
136
Қарағанды
830
299
Көкшетау
540
267
Қостанай
688
688
Қызылорда
250
112
Павлодар
520
347
Петропавл
390
291
Семей
365
303
Талдықорған
1042
370
Тараз
450
426
Орал
323
323
Өскемен
365
86
Шымкент
1150
764
ӨКМ Операторының баспасөз қызметі, 8 (717) 272 79 61
2017 жылы 40 мың автокөлік жоюға қабылданады деп жоспарлануда
Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі ескі көліктерді сатып алу Бағдарламасын іске қосатын күнді нақтылады. 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстанда (квота игерілмеген өңірлерде) ескі көліктерді жоюға қабылдау жобасы жалғасын табады. 2016 жылы ҚР энергетика Министрлігі жеке және заңды тұлғалардан ескі көліктерді сатып алуға 10 мың квота бөлген болатын. 2016 жылдың қорытындасы бойынша 5 665 автокөлік қабылданды. Қалған 4 335 квотаны игеру 2017 жылдың 16 қаңтарын жалғасын табады.
Ескі көліктерін ақшаға тапсыратындар үшін Бағдарлама оңтайланды. 2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап – электронды кезек жүйесі енгізілді. Кезекке тұрудың екі жолы бар:
ӨКМ Операторының Call-орталығына - 8 800 080 08 65 хабарласу немесе auto.recycle.kz сайтына кіріп, арнайы форманы толтыру арқылы кезекке тұру.
2017 жылы бекітілген Бағдарламада салық міндеттемесіне қатысты өзгеріс енгізіліп отыр. Яғни, Бағдарламаға қатысушыға берілетін өтемақы есебінен Оператор жеке табыс салығын ұстап қалады (10% көлемінде). Көлік иесі немесе өткізуге сенім білдірген адамнан (көлік иесінің атынан әрекет етушіге) салық алымы ұсталмайды.
Автокөлікті өткізушінің құжаты жіті тексерілетін болады. Егер құжат күмәнді болса, Оператор 3 жұмыс күннің ішінде қабылданған құжаттардың дұрыстығын анықтау мақсатында құқық қорғау органына тапсырады. Сондай-ақ ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитетімен бірлесіп «Көлік құралын жоюға жіберу жөнінде анықтаманың» бірыңғай формасын әзірлеу қарастырлып жатыр. Және де халыққа қолайлы болу үшін «Қазпошта» АҚ әріптестік жөнінде мемарандумға қол қою жоспарланып отыр (кез келген филиалдан жедел түрде есеп шот ашу).
Қазіргі таңда ҚР энергетика Министрлігі ӨКМ Операторының «Жылжымалы мобильді бекет» жобасын 2017 жылы жалғастыруды қарастыруда. Мобильді бекет жұмысын 26 елді мекенде жүргізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында. Жоба мақұлданатын болса, Мобильді бекет бағытын облыстық және аудандық әкімдікпен бірлесе жүзеге асыратын болады.
2017 жылдың 1 ақпанынан бастап ӨКМ Операторы жаңа өндірістік кезеңге көшеді. Бұдан былай автокөліктер қабылданатын бекеттерде олар бірден жоюға әзірлене бастайды. Яғни, экологиялық талапты сақтай отырып автокөлікті тасымалдау және оны жою процесі былай жүрігізіледі: аккумулятор, шиналар шешіп алынады. Техникалық сұйықтақтар стандартқа арнайы ыдысқа құйып алынады. Сонымен қатар ӨКМ Операторы тозығы жеткен көліктерді өткізуді ынталандыру Бағдарламасы бойынша (сертификат беру) дайындық жүргізуде. Сондай-ақ 2017 жылдың маусымынан бастап жүк көліктерін қабылдау жоспарда тұр.
Қазіргі таңда ҚР энергетика Министрлігі ӨКМ Операторының 2017 жылы 40 мың ескі көлік құралдарын жоюға қабылдау жөніндегі ұсынысын қарастырып жатыр.
ӨКМ Операторының баспасөз қызметі, 8 (717) 272 79 61
Қозғалтқыш пен шанағы бар көліктер 48 мың теңгеге бағаланады
Ескі көліктерді сатып алу Бағдарламасы бойынша екінші санатқа жататын автокөліктерге қойылатын талап жеңілдетілді. Бұған дейін пилоттық жоба аясында көлік құралында қозғалтқыш, беріліс қорабы, есік (штатты) пен шанақ болса, көлік 48 мың теңгеге бағаланатын. Бұдан былай тек қозғалтқыш пен шанақ болса жеткілікті. Аталған санат бойынша өзгертілген жеңілдікті ҚР энергетика Министрлігі бекітті. Қазіргі таңда жаңа талап бойынша Қазақстанның 17 қаласында ӨКМ Операторы тозығы жеткен көліктерді қабылдап жатыр. Бірінші санат (толық жиынтық) бойынша 150 мың теңге, екінші санат (толық емес) бойынша 48 теңге.
2016 жылы ескі көліктерді сатып алу пилоттық Бағдарламасы бойынша 5659 автокөлік бірінші санат (150 мың теңге) бойынша қабылданды. Және 6 автокөлік екінші санат бойынша 48 мың теңгеге бағаланды.
2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап ӨКМ Операторы 1757 автокөлік қабылдаса, соның 3-уі екінші санат бойынша 48 мың теңге тапсырылған.
Газдарды сыртқа шығаратын жүйе детальдары, сондай-ақ катализдік бейтараптандырғыштар
+
-
1 данасының бағасы, KZT
150 000
48 000
Ескерту:
«+» - көлікте міндетті түрде болуы керек;
«-» - көлікте болуы міндет емес.
Ескі көлік тапсырушылар назарына!
«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі Операторы» ЖШС тозығы жеткен көліктерді қабылдаудың электронды тәртіпте жүргізілетіндігін естеріңізге салады. Істен шыққан көлігіңізді жоюға тапсыру үшін Call-Орталыққа (8-800 080 08 65 хабарласу) немесе www.auto.recycle.kz сайтына кіріп электронды кезекке тұрудың арнайы үлгісін мұқият толтыру қажет. Кезекке автокөлік иесіне және сенім білдірген тұруы қажет. Олай болмаған жағдайда электронды кезек нөмірі жойылады!
Айта кету керек, электронды кезек екі апта сайын ашылып отырады. Алдағы кезек – 2017 жылдың 10-шы ақпан күні ашылады. Ескі көлігін өткізушілер осы күннен бастап кезекке тұра алады. Қабылдау бекеттері Қазақстанның 17 қаласында жұмыс істейді.
ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТТЕРІНІҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні – демалыс
18 наурыз – жұмыс күні (жұмыс тәртібі сағат 9:00-тен 15:00 дейін)
20 наурыз – демалыс
21, 22, 23 Наурыз мейрамы – демалыс күндер
24 наурыз – жұмыс күні сағат 9:00-ден 18:00 дейін
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2017 жылдың 18 наурыз (сенбі) күнгі демалыс 20-шы наурыз дүйсенбіге ауыстырылғандықтан, 18 наурыз (сенбі) – жұмыс күні болып саналады.
ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МАМЫР МЕРЕКЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күні (демалыс)
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (жексенбі күніне түскендіктен, 8 мамырға ауыстырылады)
7,8 мамыр – демалыс
9 мамыр – Жеңіс күні (демалыс)
10 мамыр – Жұмыс күні сағат 9:00-ден 18:00 дейін
* «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» 2001 жығы 13 желтоқсандағы №267 Қазақстан Республикасының Заңы
23 мыңнан астам қазақстандық ескі көлігін жоюға тапсырды
2016 жылдың 21 қарашасы мен 2017 жылдың 13 маусым айы аралығында елімізде тозығы жеткен көлік құралдарын ынталандыру Бағдарламасы бойынша ӨКМ Операторының қабылдау бекеттеріне 23 030 автокөлік тапсырылды (М1 санаты).
Ескі көліктерді тапсыру бойынша Шымкент қаласы бірінші орында. Бағдарлама басталғалы бері Оңтүстік Қазақстандықтар 2 980 автокөлік өткізіп отыр. Тозған техникадан арылу көрсеткіші бойынша Қостанай қаласы екінші (1 825), Алматы облысы (Талдықорған) (1 597) үшінші орында тұр.
Бағдарламасына қатысып, ескі көлігін тапсырғандарға (1 санат бойынша – 150 мың теңге) – 3 440 700 000 теңге ақшалай өтемақы төленді (22 998 көлік). Екінші санат бойынша (48 мың теңге) 1 536 000 теңге (32 көлікке) аударылды.
Жоюға тапсырылған көліктердің қатарында «Жигули», «Москвич», «Волга» сияқты кеңестік кезеңде шыққан машиналардан басқа, шетелдік көліктер де тапысылуда.
Бағдарлама бойынша тапсырылған ең ескі көлік – 1946 жылы шығарылған «Москвич» автокөлігі. Оны Семей қаласының тұрғыны өткізген. «Жылы жаңа» деген көліктердің соңын 2014 жылы шыққан «Лада 21901» автокөлігі түйіндеп отыр.
Сонымен қатар тозығы жеткен машиналардың арасында «Мазда», «Фольксваген», «Хонда» сияқты шетелдік автокөліктер кездеседі. Ең әйгілі маркілердің арасында 1996 шыққан «Toyota Land Cruiser» және 1985 жылы шығарылған «Porsche» маркілі автокөлік тапсырылды.
Жоюға өткізілген көліктердің орташа шығарылған уақыты 25-30 жыл. Ескі көліктерді утилизацияға тапсыру Бағдарламасын оңтайландыру үшін 2017 жылдығң қаңтар айынан бастап электронды кезек жүйесі енгізілді. ӨКМ Операторының Call - орталығына (8 800 080 08 65) хабарласу арқылы және auto.recycle.kz. ресми сайты бойынша кезекке тұруға болады.
2016 – 2017 ж қабылданған ескі көліктер бойынша мәлімет
Аймақ
Саны
Ақтау
773
Ақтөбе
1631
Алматы
1485
Астана
883
Атырау
684
Қарағанда
1267
Көкшетау
1572
Қостанай
1825
Қызылорда
769
Павлодар
1461
Петропавл
1296
Семей
1288
Талдықорған
1597
Тараз
1535
Орал
1067
Өскемен
917
Шымкент
2980
Ескі көлік тапсырғандарға жеңілдік сертификатын беретін бағдарлама маусымның 26 бастап іске қосылады
2017 жылдың 26 маусымынан бастап елімізде тозығы жеткен көліктерді тапсырушыларға жаңа көлік сатып алуға жеңілдік берілетін сертификат Бағдарламасы іске қосылады. ҚР энергетика Министрлігінің тапсырмасымен жасалған Бағдарламаны, «ӨКМ Операторы» ЖШС ҚР инвестиция және даму Министрлігі мен отандық автоөндірушілермен бірлесе құрастырды.
Жаңа бағдарлама талабы бойынша жоюға ескі М1 санатындағы жеңіл автокөліктен бастап (толық жиынтықтағы*), жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері қабылданады. Жоюға тапсырылатын көлік құралдарының шығарылған жылына, модельіне қатысты ешқандай да шектеу жоқ. Тек жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері үшін жалғыз талап – М3, М3, N2, N3 санатындағы көлік құралдары техникалық жарамды болуы керек және барлық жабдықтар өз орынында болу тиіс.
Бағдарлама талабына бойынша ескі техниканы өткізушіге атаулы сертификат беріледі. Қазақстанда өндірілген көлік сатып алғанда сертификат жеңілдік ретінде пайдаланылады.
Жеңілдік беретін сертификаттың құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 750 мың теңге аралығында болады (№1 есептік кестеде).
Бағдарлама бойынша отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын сатып алғанда жеңілдік сертификатын пайдалануға болады. Және де бір автокөлік сатып алғанда 2 сертификатқа дейін пайдалануға мүмкіндік бар.
Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы негізінде қандай автокөліктерді жеңілдікпен алуға болатындығын төмендегі сайттардан көруге болады: «БИПЭК АВТО» www.bipek.kz немесе: 8 778 746 0698 телефоны бойыншы, AllurAuto дилерлік орталығы сайтынан: www.allurauto.kz, www.jac-motors.kz, «Astana Motors», «Вираж», «УЗАВТО АЗИЯ» дилерлік орталықтарынан: www.ssangyong.kz, www.peugeot.kz, www.iveco.com/kazakhstan, сондай-ақ 8 800 070 55 88 и 8 701 737 12 71 телефондарына арқылы хабарласып білуге болады.
Жеңілдік сертификаты атаулы және оны өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ оны қайтарып беруге және қолма қол ақшаға ауыстырылмайды. Сертификат тіркелген күннен бастап 12 айға дейін жарамды.
Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы отандық парктің жаңаруына, Қазақстандық автоөндірісті ынталандыруға және утилизация саласының инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көлік құралдарының санаты бойынша жеңілдік мөлшері
№1 қосымша
Санат
КҚ классификациясы
Скидка (тенге)
М1
жеңіл автокөліктер
315 000
N1
жүк тасымалына арналған максималды салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көлік құралдары
550 000
М2
жолаушылар тасымалына арналған, жүргізуші орнынан бөлек сегіз орыннан асатын және максималды салмағы 5 тоннаға жетпейтін көлік құралдары
550 000
N2
жүк тасымалына арналған максималды салмағы 3,5 тоннадан бастап, 12 тоннадан аспайтын көлік құралдары
550 000
М3
жолаушылар тасымалына арналған, жүргізуші орнынан бөлек сегіз орыннан асатын және максималды салмағы 5 тоннадан жоғары көлік құралдары
750 000
N3
жүк тасымалына арналған максималды салмағы 12 тоннадан асатын көлік құралдары
750 000
Тозығы жеткен көлік құралдарының жиынтығы
Жеңіл автокөлік. М1 санаты.
Атауы
Шанақ (шасси)
Қозғалтқыш
*Радиатор
Беріліс қорабы
Аккумулятор
Капот қақпағы
Жүксалғыш қақпағы
Есіктер (штатты санында)
Дөңгелек (штатты санында)
Дөңгелек қоршаушы жабын (штатты санында)
Меңгерікті басқару жүйесі
Көлік құралы жүріп тұруы керек
Жолаушылар көлігі. M2, М3 санаты.
Атауы
Шанақ (шасси)
Қозғалтқыш аспалы құрылғысымен
*Қозғалтқышты салқындатушы радиатор
Беріліс қорабы
Аккумулятор
Есіктер (штатты санында)
Дөңгелек (штатты санында)
Газдады сыртқа шығаратын жүйе детальдары (бар болса)
Шасси
Өзге де салқындатқыш жүйелер немесе сұйықтықтар*
Таратқыш қорабы, белдемелер және белдеме редукторы, ірі торапты детальдар, жүрісті бөлік, кардан білігі*
Меңгерікті басқару жүйесі
Жүк көлігі. N санаты.
Атауы
*Шанақ/фургон/платформа/шассиге арнайы құрылғы
Кабина
Шасси
Өзге де салқындатқыш жүйелер немесе сұйықтықтар*
Қозғалтқыш аспалы құрылғысымен
Таратқыш қорабы, белдемелер және белдеме редукторы, ірі торапты детальдар, жүрісті бөлік, кардан білігі*
Меңгерікті басқару жүйесі
*Қозғалтқышты салқындатушы радиатор
Беріліс қорабы
Аккумулятор
Есіктер (штатты санында)
Дөңгелек (штатты санында)
Сорғы сияқты гидравликалық құрылғылар (компрессор) бак, цилиндрлер, таратушы*
Газдады сыртқа шығаратын жүйе детальдары (бар болса)
Ескерту: * өндіруші жарақтаған штатты орнында тұрған болса
Тозығы жеткен көлік құралдарының бөлшек күйіндегі жиынтығы. Жеңілдік сертификатты алу үшін Сізде не болу керек!
Жеңілдік сертификаты аясында қазақстанда құрастырылатын автокөліктің 115 түрі ұсынылады
Тозығы жеткен көлік құралдарын жоюға тапсырып, жеңілдік сертификаты арқылы отандық автоөндірушілерден экологиялық кластағы көлік құралын алуға болады. Сертификат бойынша Қазақстандық өндірушілер 115 автокөлік түрін ұсынып отыр. Оның ішінде жеңіл автокөліктен бастап, жүк көлігіне дейін кіріп отыр.
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын сатып алуға жеңілдік берілетін сертификат бағдарламасы 2017 жылдың 26 маусымынан бастап жүзеге асырылуда.
М1
М1G
M2
M3
N1
N2
N3
N3G
«АЗИЯ АВТО» АҚ
30
«Сарыаркаавтопром» ЖШС
15
2
1
5
2
1
Hyundai Trans Auto
2
7
2
«СемАЗ» ТОО
1
13
«КАМАЗ-инжиниринг» АҚ
2
Daewoo Bus Kazakhstan
5
28
Жаңа бағдарлама талабы бойынша жоюға ескі М1 санатындағы жеңіл автокөліктен бастап (толық жиынтықтағы*), жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері қабылданады. Жоюға тапсырылатын көлік құралдарының шығарылған жылына, модельіне қатысты ешқандай да шектеу жоқ. Тек жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері үшін жалғыз талап – М3, М3, N2, N3 санатындағы көлік құралдары техникалық жарамды болуы керек және барлық жабдықтар өз орынында болу тиіс.
Жеңілдік беретін сертификаттың құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында болады. Бағдарлама бойынша отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын сатып алғанда жеңілдік сертификатын пайдалануға болады. Және де бір автокөлік сатып алғанда 2 сертификатқа дейін пайдалануға мүмкіндік бар. Жеңілдік сертификаты тіркелген күнен бастап 12 айға жарамды.
ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТТЕРІНІҢ ШІЛДЕ МЕРЕКЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1 шілде 2017 жыл – жұмыс күні сағат 9:00 - 18:00
2 шілде 2017 жыл – демалыс күні
3 шілде 2017 жыл – жұмыс күні сағат 9:00 - 18:00
4 шілде 2017 жыл – жұмыс күні сағат 9:00 - 18:00
5 шілде 2017 жыл – жұмыс күні сағат 9:00 - 18:00
6 шілде 2017 жыл – демалыс күні
7 шілде 2017 жыл – демалыс күні
8 шілде 2017 жыл – демалыс күні
9 шілде 2017 жыл – демалыс күні
10 шілде 2017 жыл – жұмыс күні сағат 9:00 - 18:00
* ҚР Үкімет Қаулысына сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұма күніне ауыстырылды.
Жеке тұлғаларға қажетті құжат:
1) Ескі көлікті жоюға қабылдау жөнінде өтініш;
2) Құжат көшірмесі, жеке бас куәлігі (өтініш беруші ҚР резиденті болмаса паспорт көшірмесі);
3) Банктік есеп шот бар екендігі туралы банктен анықтама;
4) Автокөлік құралын жоюға рәсімделгені (тіркеуден шығарылды) туралы хаттаманың түпнұсқасы;
5) Егер көлік иесі атынан әрекет етуші тұлға болса, ҚР заңнамасының талабына сай рәсімделген сенімхатының түпнұсқасы болуы шарт (нұсқа №1, нұсқа №2, нұсқа №3).
Құрметті көлік иелері мен олардың өкілдері!
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағы 32 тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап тозығы жеткен көлік құралдарын жоюға өткізу жөнінде өтініш пен сенімхат (ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы аясында) формаларына өзгертулер енгізіледі.
Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғалар кірістеріне төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы салынады. Осылайша жоюға тапсырылған көлік үшін берілген өтемақыға салық салынатын болады.
Сондай-ақ Салық кодексінің 319-бабына сәйкес жеке мүлікті тапсырғаннан түсетін табысқа салық салынбайды. Ол үшін сол мүліктің кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтындығын және оған салық салынбайтындығын растайтын құжат тапсыру керек.
Осы орайда аталған құжаттардың үлгілеріне жоюға тапсырылатын мүліктің кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатындығын немесе пайдаланылмайтындығын растауды қажет ететін өзгертулер енгізіледі. Егер тозығы жеткен көлік құралын сенімгер адам тапсыратын болса, онда көлік иесінің атынан сенімхатта өкілеттігі көрсетілу керек. Бұл ретте мүлікті жоюға тапсыру кезінде берілетін ақшалай өтемақының салықтық міндеттілігі анықталады.
Сонымен қатар ескі көлікті жоюға тапсырғанда берілетін ақшалай өтемақы сенімгер адамға берілетін болса, онда бұл үшінші тұлғаның табысы болып есептеледі де, оған табыс сомасынан 10% жеке табыс салығы салынатындығын ескертеміз.
Осы ақпарат негізінде 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап ескі көлікті жоюға тапсыру үшін кезекке тұру кезінде жоғарыда көрсетілген заң талаптарын ескеруді сұраймыз.
1) Тозығы жеткен көлік құралдарын кәдеге жарату үшін қабылдау туралы өтініш;
2) Көлік тапсырушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Компанияның деректемелері (реквизиты);
4) Кәдеге жарату үшін көлік құралдарын тіркеу (тіркеуден шығару) актісінің түпнұсқасы;
5) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (анықтама берілген күннен бастап 10 күнге жарамды);
6) Басшы және бас бухгалтер қол қойған, ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген өкілдің атына берілген сенімхаттың түпнұсқасы;
7) Басшының лауазымы мен өкілеттігін растайтын, осы заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құжаттың көшірмесі (құрылтайшының (құрылтайшылардың) заңды тұлғаның басшысын тағайындау туралы шешімі);
8) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның мүлікті есептен шығаруға, кәдеге жаратуға және оған өтемақы алуға келісімі (бұйрығы, шешімі, рұқсаты) мемлекеттік заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер.
* қажет болған жағдайда қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.